ҚАРАСУ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ.
ҚР Президенттігіне кандидат Қ.Тоқаевтың қолдауға штабтың жетекшісі Исатай Құрмашев, штаб мүшелері Қуаныш Елемесов, Ғайса Махимов Қарасу ауылының тұрғындарымен кездесіп, үміткердің 7 жылға арналған «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Өмірбаяны мен елді дамытуға бағытталып атқарған жұмыстарына тоқталып, тұрғындарды саяси науқанда сайлау участогінен табылып, халықтық коалиция атынан ұсынылған үміткерді қолдауға шақырды. Әлемде болып жатырған қиын кезеңде елді біріктіріп ұстап тұрушы, Халықарылық саясатта зор беделге ие азаматтың жақына топтасу қажет екендігіне тоқталды. Қатысушылар заманның біртіндеп жақсарып келе жатырғандығын тілге тиек етіп, қоғам үшін маңызды, әр азаматтың парызы деп санайтын тұрғындар кезектен тыс сайлауда өздерінің азаматтық позицияларын танытатындығын айтты.
#Toqaev2022
