ҚАРАКЕМЕРЛІКТЕРДЕ ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ
Бүгін «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сәкен Займолдин мен Ойыл аудандық маслихаты депутаттығына үміткерлер 50-ден астам түтіні бар Ойыл селолық округіне қарасты Қаракемер елді мекеніне арнайы барып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесу кезінде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында түсінік жұмыстарын жүргізді. Онда қаракемерліктер аудандық маслихат депутаттығына үміткерлердің «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасындағы алдағы бесжылдықта атқарылатын жұмыстарына құлақ түрді. Кеңірек тоқталсақ, Гүлнара Бисекенова денсаулық сақтау саласына қатысты алдағы уақытта атқарылуға тиіс іс-шараларды нақты атап өтсе, Жұма Жақып ауданда ет, сүт өнімдерін өндіріп, суармалы егіс көлемін ұлғайтып, жылыжайлар санын көбейту арқылы өз-өзімізді таза табиғи өніммен қамтемесіз ету керектігін жеткізе келе осындай істерді жасаймын деушілерге мемлекет тарапынан қолдау барын баяндады. Сонымен қатар аудандық маслихат депутаттығына үміткер ауданның білім, жастар саясаты саласына белсенді араласып жүрген жалынды жастарымыз Медет Құлмұқанов пен Абзал Майқанов та өз ойларын ашық жеткізді. Ондай кейін аудандық мәслихат хатшысы Еркін Жиеналин ел бірлігін сақтап, елім деп еміренген жүректің жарқын үнімен өткелі отырған сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. Өйткені бұл партия дамудың даңғыл жолына бастайтын, әрдайым халықпен бірге екенін жан-жақты түсіндірді. «Nur Otan» партиясы, Ойыл аудандық филиалының ықпалымен, қолдауымен көптеген істерге куә болып жүрген қаракемерліктер елді болғалы отырған үлкен саяси додада «Nur Otan» партиясына сәттілік тілеп, бір ауыздан қолдайтындықтарын ашық айтты. Өйткені мемлекет тарапынан игі істер Қаракемер ауылында да жүзеге асып жатыр. Кездесу кезінде «Nur Otan» париясының аудандағы филиалының атқарып жатқан жұмыстарына кеңірек тоқталып, алдағы жоспарларымен бөліскен «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сәкен Займолдин алдағы бес жылда партия тарапынан елдің экономикалық дамуы жолында көптеген ауқымды жобалар күтіп тұрғанын оны елмен бірге ауызбіршілікпен атқаруға шақырды.
