Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҚАРА ӨЛЕҢ

Мен дүниеге келгенде, сол жылы Сталин өлген,

Сталин өлсе де қазақтын қорлығы бітпеген.

Мықты азаматтар, тұлағалар репрессияда кеткен,

Халақтын көбі не атылған, не ашаршылыққа судай төгілген.

Коммунистерге әбден бағылған,

Қазақтын аттарынан, затынан шошыған

Толып кетті лауазымға ұмтылып,

Адам жүзі, ішінде хайуандар.

Қазағым деген аз қалдығой қазағым,

Жай жүзі болмаса, өңшен мазағым,

Бүгіліп, ар-ұятын боққа батырды.

Қызарды ғой көрде жатқан бабаларым.

Орыстар шұршұттан да асып тасқындап,

Құйылды ғой, жерімізде топырлап.

Қазағым өз жерінде өгей шешеден туғандай

Тарихтан, тілінен айырылды алаңдап.

. . . . . . . . . . .

Мен шала қазақпын, қазақ тілін білмеген.

Мендей көп адам ешкімге беріспеген.

Тіліміз жетпеседе, затымыз казак,

Қазақтын намысын ғылыммен көтерген.

Ешкімге сенбей өстік, құдайғада,

Арамза билейтінен қаштық, молдадан да,

Ақиқат жолда, білімді қазып,

Байқамай қалдық асқанды алпыстан да.

Сойлеймін қазақша, тілім шорқақ болса да,

Осыдан менім қазақтығым кем болмады,

Тарихты, мәдениетті, менен артық

Сол заманнан қатарымда табылмадым.

Жойылды совок, дүбірлеп қазақ оянғандай,

Шынжырды үзіп, жерге мүлдем тастағандай,

Көтерді басын, азаттық ауаны жұтқандай,

Жаңа өмірге алға бірден ұмтылғандай.

Қайдасың қайран қазағым, ұмыттың ба?

Нұр жолға айтқан сөздерге алдандың ба?

Я дінге кіріп ұстазыңа бағындың ба?

Қазақтыққа жетпей есіңнен айрылдың ба?

Қазақ, көшпенді, кентавр ежелден

Әлемде ең азат болған адамдар,

Хак бөрі деп тәлім алған өмірден.

Ал байлықтардын барлығы да тозар.

 

© 2015-01-17

-4
0
742

Еще по теме

ҚАРА ӨЛЕҢ - Yvision.kz