Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҚАРАҚИЯЛЫҚ ОҚУШЫЛАР «MYŃ BALA» ҰЛТТЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК ОЛИМПИАДАСЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Бұл туралы Қарақия аудандық білім бөлімінің басшысы Қалбибі Бекқалина мәлім етті. Оның айтуынша, алғашқы І және ІІ-тоқсан қорытындысы бойынша 5-6 сынып оқушылары арасынан Қарақия ауданынан 250 оқушы қатысты. Солардың арасынан 39 оқушы іріктеліп алынды.

«2020 жылдың 21 тамызында Ақтау қаласы НЗМ базасында ІІ турына 32 оқушы қатысып, қатысқанын растайтын сертификат және бағалы сыйлықтармен марапатталды. ІІ турдың нәтижесінде "Myń bala" ауылдық жердегі мектептерге арналған Ұлттық зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздары анықталды. Қарақия ауданы бойынша жеңімпаз атанған 8 оқушыны аудан әкімі Қыдырберді Беков құттықтап, Елбасының «Ел үміті» бастамасы шеңберінде «Нұрсұлтан Назарбаев қоры» атынан ноутбук сыйлады», - деді Қалбибі Бекқалина.

ҚАРАҚИЯ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

0
0
116

Еще по теме

ҚАРАҚИЯЛЫҚ ОҚУШЫЛАР «MYŃ BALA» ҰЛТТЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК ОЛИМПИАДАСЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ - Yvision.kz