АПТАНЫҢ АЙШЫҚТЫ ОҚИҒАЛАРЫ
📷ҚР Президенті Ақордада республикалық маңызы бар қалалар мен облыс әкімдерімен кеңес өткізді. Жиын соңында Қасым-Жомарт Тоқаев аймақ басшыларына (оның ішінде Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов та бар) бірқатар тапсырма берді
📷Ақтауда тұңғыш рет дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы ҚР чемпионаты басталды
📷Жаңаөзендік Уәлихан Бисенқұлов кәсіпқой бокстағы жекпе-жегінде 11 жеңісіне қол жеткізді
📷22 жастағы Бекзад Нұрдәулетов кәсіпқой рингтегі екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті
📷ҚР Тәуелсіздігі күніне орай бірқатар облыс тұрғынына мемлекеттік наградалар табысталды
📷Ақтауда мұнайгаз саласына арналған құрылғылар шығаратын жаңа кәсіпорын іске қосылды
📷Маңғыстау аудандық орталық кітапхананың жаңа ғимараты пайдалануға берілді
📷Маңғыстау ауданының орталығы Шетпеде орталық парк толық жаңартылып, пайдалануға берілді
📷Шетпеде орталық стадион ашылды
📷Шетпеде арбат ашылды
📷Маңғыстау ауданының емдеу орындары жедел-жәрдем көліктерімен толықты
📷Маңғыстау ауданының шалғай ауылдарының бірі Тұщықұдықта өрт сөндіру бөлімшесі ашылды
📷Бейнеу ауданында Ы.Алтынсарин орта мектебінің қосымша 312 орындық оқу ғимараты пайдалануға берілді
📷Бейнеуде Ж.Қалдығараев атындағы орта мектебінің қосымша 312 орындық оқу ғимараты пайдалануға берілді
📷Бейнеуде сәулетті супермаркет ашылды.
📷Түпқараған ауданында Мұрын жырау музейі ашылды
📷Қарақия ауданының орталығы Құрық ауылына көше атауы жазылған тақтайшалар ілінді
📷Жаңаөзен қаласына көше жарықтары орнатылды
📷Тәуелсіздік күніне орай өткен «Менің Туым –менің елім» республикалық челленджіне маңғыстаулықтар да атсалысып, көпқабатты үйлердің сыртына Мемлекеттік Ту ілінді
📷Тәуелсіздік жылдары Маңғыстау облысында өнеркәсіп өндірісі 56%-ға өсті. Облстық инвестициялар және тризмді дамыту басқармасы жылды қорытындылау брифингіне қатысты.
📷Мереке және демалыс күндері карантин талаптары жеңілдеді. Облыстың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты.
📷Өңірде сұйытылған газ мәселесінің туындауына байланысты Ақтау мен Жаңаөзен қалалары, Мұнайлы ауданының әкімдіктері газбен қамтамасыз ету мақсатында келіссөздер жүргізіп, қосымша көлік отыны жеткізілді.
