АПТАНЫҢ АЙШЫҚТЫ ОҚИҒАЛАРЫ
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы болып Тоқтамыс Жұмағұлов тағайындалды.
Коронавирустың ықтимал екінші толқынына дайындық барысында Бейнеу ауданына жаңа КТ аппараты әкелінді.
Бейнеу ауданының Боранқұл ауылында жаңа дәріхана ашылды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.
Қарақия ауданында, "Ақтау-Құрық" тас жолының 38-шақырымында орналасқан екі су резервуарының құрылысы аяқталды.
Жаңаөзенде қант зауыты іске қосылды
Жаңаөзенде ПТР зертханасы ашылды.
Жаңаөзенде газ өңдеу зауытының қуатын арттыруға қажетті электр энергиясын өндіретін кәсіпорын іске қосылды.
Жаңаөзендік дәргерлерге су жаңа 10 жедел және шұғыл медициналық жәрдем автокөліктері табысталды.
Ақтауда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаттығу залы ашылды.
Маңғыстауда күн райының қолайсыздығына байланысты бірнеше жолдағы көлік қозғалысына шектеу қойылып, коммуналдық мекеме қызметкерлері екі ауысыммен тәулік бойы жолды қар, мұздан тазалап, құм себу жұмыстарын жүргізді.
Мұнайлы ауданына қарасты Дәулет ауылында мәдени-демалыс орны ашылды.
Ақтауға екі қабатты жаңа автобус әкелінді. Әзірше автобус теңіз жағалауы мен курорттық нысандарға қатынамақ.
Ақтау қаласының №3, 7, 8 қоғамдық көлігінің жолаушылары енді QR-коды және банк карточкасы арқылы жол ақысын төлей алады. Автобустарға электронды төлем қондырғысы орнатылды.
Ақтаудағы қоғамдық көліктерге 1 желтоқсаннан бастап дезинфекция жұмыстары жасалуда.
Әбіш Кекілбаевтың өмірі туралы энциклопедияның екінші томы жарық көрді.
Маңғыстау телеарнасы 50 жылдығын атап өтті.
Сілтеме: https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=2798219553771546&id=100007505867712
