АПТАНЫҢ АЙШЫҚТЫ ОҚИҒАЛАРЫ(21-27 ЖЕЛТОҚСАН)
Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов пен ҚР Энергетика министрі Н.Ноғаев «Дұңға, «Қаражанбас», «Бозашы», «Қаламқас» кен орындарында, сондай-ақ Ақтау машина жасау зауытында болып, кәсіпорындардың өндірістік қызметімен танысты.
📷Облыс әкімі С.Трұмов ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті бастығының бірінші орынбасары Мальчубаев Данияр Серікұлына ҚР Президентінің атынан «2-дәрежелі АЙБЫН» орденін тапсырды.
📷Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғ. Ниязовтың және ҚР Энергетика министрлігінің Газ және мұнайгаз-химиясы департаментінің басшысы З. Қияқбаевтың төрағалығымен сұйытылған мұнай газ нарығы бойынша жиналыс өтті. Жиынға өңірдегі газ желісі ұйымдарының өкілдері қатысты.
📷Ақтауда облыс әкімінің орынбасары Г.Қалмұратованың төрағалығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері жөнінде жиын өтті.
📷Ақтаудағы саябақ жаңа жылдық шамдармен безендіріліп, тұрғындарға тамаша тару жасалды. Жобаны қала әкімдігі жергілікті кәсіпкерлермен бірлесе жүзеге асырды.
📷Ақтауда жаңа жылдық үш шырша құрылды
📷Түпқараған ауданында абаттандырылған жағалау ашылды
📷Ақтауда дзюдодан Қазақстан чемпионаты аяқталды
📷Мұнайлы ауданында сервистік әкімдік ашылды
📷Ақтауда көпсалалы аурухана салу жобасы талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары Г.Қалмұратованың төрағалымын өткен жиынға ҚР Денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі мен түрік инвесторлары қатысты. Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге аспақ. Аурухананың жобасы әзірленуде. Бұл алғашқы талқылау.
📷Өңірде шаруаларды жем-шөппен қамту бойынша шұғыл шаралар қабылдануда
📷Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері күшейтілген кестемен жұмыс істеуге көшті.
📷Облыста карантин талаптары күшейтілді
📷Маңғыстау мен Атырау облыстарының арасына санитарлық бекет қойылды. Нақтырақ айтқанда Бейнеу ауданындағы Боранқұл ауылының шыға берісіне орнатылды.
📷Қала, аудандарда құрылған мобильді топтар күн сайын рейд жүргізіп, карантин талаптарының сақталуын тексеруде.
📷Ақтау қаласының әкімі Н.Қилыбай ардагерлерді жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
📷Елді-мекендерді көгалдандыру мен жасыл аймақ құрудың өңірлік жоспары бекітілді. Бұл туралы коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің басшысы Д.Құсбеков мәлім етті.
📷Өңірдің экологиялық ахуалын кешенді шешу мақсатында «Жол картасы» бекітілді. Бұл туралы коммуникация орталығында өткен брифингте МО экология департаментінің басшысы Р.Төкенов мәлім етті
📷«Спорт менің өмірім» атты үздіктер премиясы өткізіліп, осы саладағы мықтылар анықталды. «Қарақия ауданы – спорт саласындағы ең үздік аудан» номинациясының жеңімпазы атанды.
📷Ақтаулық бүлдіршіндер жаңа жыл қарсаңында қаланы 2-қабатты автобуспен тегін аралап, «Rixos» қонақүйіне саяхат жасады
