«Антикоррупция» ойыны

2015 жылдың 3 сәуір күні оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында Орал қаласындағы №13 жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушылары арасында «Антикоррупция» ойыны ұйымдастырылды.
Оқушылар ойын ережесіне сәйкес үш топқа бөлініп, 7 бөлімнен тұратын сайысқа қатынасты. Ойынға мектеп мұғалімі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметкерлері қазылық етті.
Қатысушылар ойын барысында ребустарды шешіп, жемқорлықтың алдын алу мәселелерін талқылап, берілген тапсырмаға сәйкес қойылым қойып, сонымен қатар синквейн бөлімінде өлең шумақтарын құрастырды.
Соңында қазылар қатысушыларға алғыс білдірді және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған бейнероликтер көрсетілді.


