Перейти к содержимому
Обложка сообщества Закон  и порядок

ANTIKOR ORTALYGY АЛАҢЫНДА "ЖЕТІСУ" ӘКК ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫРТҚЫ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Бүгін ANTIKOR ORTALYGY алаңында облыстық Антикор басшысының бірінші орынбасары Тимур Темірәлиев "Жетісу" ӘКК, Әділдік жолы РҚБ өкілдерімен және облыстың өзге де азаматтық белсенділерімен кездесу өткізді. Кездесу аясында облыстық әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауқорытындылары талқыланды.

Облыстық Антикор басшысының бірінші орынбасары Тимур Темірәлиев атап өткендей: "Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі бағыты сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған. Сыбайлас жемқорлық салдарымен күрес жұмысын оның алдын алуға қайта форматтау жөніндегі міндетті Агенттік Төрағасы қойған.  Бұл мәселедегі негізгі құқықтық құрал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау болып табылады".

Кездесу барысында "Жетісу"ӘКК анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің нәтижелері жеткізілді.

Талдау ӘКК қызметін құқықтық реттеудің жеткіліксіздігін анықтады. Іс жүзінде қолданыстағы заңнама шеңберінде ӘКК алдында нақты мақсаттар мен міндеттер жоқ.

Талдау іс жүзінде 8 млрд теңгеден астам шығындар кезінде іске асырылған инвестициялық жобалар санының төмен екенін көрсетті, 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ӘКК тек 7 жобаны іске асырды. Бұл ретте, аталған инвестициялық жобалар сервистік-дайындау орталықтарын құруға және ұйымдастыруға ғана қатысты болды, олардың шеңберінде ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынып, жер учаскелері бөлінді.

Талдау ӘКК іс жүзінде кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылай көмекті жүйелі негізде бөлетін "қаржы ұйымына" айналғанын көрсетті. Осылайша, ӘКК 4 жыл бойы "Ақсу кант" ЖШС-не, сондай-ақ өзге де субъектілерге 3 млрд.теңгеден астам сомада пайызсыз қаржылық көмек көрсетті.

ӘКК активтерінде ұзақ жылдар бойы ӘКК-нің жарғылық құжаттарына және инвестициялық жобаларды іске асыру саясатына тікелей қайшы келетін көп пәтерлі тұрғын үйлер құрылысына бөлінген жер учаскелері бар. Бұл ретте, бұл учаскелерді бөлу ашықтықтың болмауымен қатар жүрді, сондай-ақ нарықтың қалған субъектілеріне жер учаскелерін алу үшін тең мүмкіндіктерге ие болуға мүмкіндік бермеді. Осылайша, конкурстан тыс негізде жер учаскелерін алу рәсімі ӘКК-ге аталған жер учаскелерін "жалған инвестжобаларды"іске асыруға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ ӘКК активтерінде 3-10 жылдан астам өзінің нысаналы мақсаты бойынша мүлдем пайдаланылмаған объектілер бар. Бұдан басқа, теңгерімде тұрған және мақсаты бойынша пайдаланылмайтын жабдықтар бар. Мысалы, құны 300 млн. теңгеден асатын балалар тағамын жабдықтау. Бұл активтер көлемін жасанды түрде ұлғайту мақсатында ӘКК теңгерімінде болады.

Азық-түлік қауіпсіздігі саласында елеулі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Қарыз бойынша шарттық міндеттемелердің орындалуына формальды бақылауды жүзеге асырумен, қарыз шарттарын негізсіз ұзартумен, қарыз қаражатын алған өндірушілердің ӘМАТ-ты өткізуімен "жалған" қарыз шарттары міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді бақылау процесіндегі сайлау тәсілімен байланысты тәуекелдер белгіленді.

Мәселен, сыртқы талдау барысында Алматы облысының тұрақтандыру қорына бөлінген 400 млн. теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын мақсатсыз және тиімсіз пайдалану фактілері анықталды (азық-түлік өнімдерін сатып алудың орнына кәсіпкерлер айналымда ақша қаражатын ұстады, ал кейбіреулері азық-түлік емес тауарларды сатып алды).

0
0
398

Еще по теме