АНОНС
2017 жылдың 26 қазанында Қазақ драма театрында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үрдісіне барлық мүдделі мемлекеттік органдарды жұмылдыру және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттандыру деңгейін көтеру мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдар мен«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментімен бірлесіп «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесін» өткізу жоспарлауда.
Жәрмеңкеге қатысуға ең көп қажет етілетін салалар ( жер қатынастары, ТКШ, сәулет, денсаулық сақтау, білім және жұмыспен қамту) таңдалды.
Облыс орталығы тұрғындарына мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес алу, сонымен қатар кейбір мемлекеттік қызметтерді алу үшін өтініш беруге қосымша мүмкіндік туады.
