АНОНС
2017 жылдың 17 қазанда (сейсенбі) сағ.11:00-де «Қазақстан-Орал» телеарнасының базасында БҚО Орталық коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Әлмұханұлы Исақовтың қатысуымен 2017 жылдың 9 айында Департаментпен атқарылған қызметтің қорытындысы бойынша брифинг өткізіледі.
Брифингте Департаменттің мемлекеттік қызмет саласындағы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, Әдеп кодексі талаптарының сақталуы мен мемлекеттен көрсетілетін қызметтердің сапалылығы мәселелері қозғалатын болады.
Өткізілетін күні мен орны:2017 жылдың 17 қазанда (сейсенбі) сағ.11:00-де «Қазақстан-Орал» телеарнасының базасында БҚО Орталық коммуникациялар қызметі
