Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АНОНС

2017 жылдың 29 маусымда, сағ.16:30-де облыстық мәслихаты ғимаратының кіші залында (3 қабат), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі Кеңес отырысы өткізіледі.

Күн тәртібінде, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындылары мен мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша жұмысының қорытындыларын қарау мәселелері көтеріліп, Зеленов ауданы Макаров ауылдық округі әкімі мен Ақжайық ауданы әкімінің орынбасарына қатысты тәртіптік істер қаралатын болады.

Өткізілетін орны: Облыстық мәслихаты ғимаратының кіші залы (3 қабат) Достық-Дружба даңғылы, 201;

Анықтама үшін байланыс: 50-46-38

 
0
0
216

Еще по теме