АНОНС
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру және Мемлекеттік қызметші күнін атап өту аясында және мемлекеттік қызметке кадр дайындауды жетілдіру бағытында 2017 жылғы 16 маусымда сағат 11.00-де Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің конференц-залында (әкімшілік ғимарат) ғылыми саланың өкілдерінің және мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік қызмет кадрларын дайындау: әріптестік және практикалық бағыт» атты ғылыми-практикалық конференция ұйымдастыруда.
Сонымен қатар, РФ Президенті жанындағы халықтық шаруашылық және мемлекеттік қызмет Академиясының Балаков филиалының оқытушысымен видеобайланыс орнатылады (скайп арқылы)
Анықтамалар үшін байланыс: 50-94-46, 87473235991
