Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АНОНС

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2017 жылдың 02 маусым сағат 11.00-де «Азаматтық бақылау» жобасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру аясында «Қоғамдық қабылдау» орнынын ашылатындығын хабарлайды.

Қоғамдық қабылдаудың мақсаты – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамалары және Әдеп кодексінің сақталуы туралы кеңестер беру.

Қоғамдық қабылдау өз қызметін аптаның сенбі және жексенбі күндерінен басқа, күнделікті негізде жұмыс жасайды. Толғандырған мәселелер бойынша халықты қабылдау ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасады.

«Қоғамдық қабылдау» орнының мекен-жайы: Орал қаласы, Т.Масин көшесі, 67-үй, 1 қабат. Жұмыс күндері: дүйсенбі-жұма (09:00-18:00-ге дейін). Лаврентьев Борис Георгиевич 8708 433 05 11

 
0
0
315

Еще по теме