АНОНС
2017 жылдың 30 мамырда сағ. 11.00-де «Нұр Отан» партиясы БҚОФ-ның кіші мәжіліс залында (Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көш. 19, 206 бөлме) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі жанындағы ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жөніндегі арнайы республикалық мониторингтік тобының мүшесі, «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» ҚҚ президенті Батталова Зәуреш Қабылбекқызымен қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кездесу жоспарлануда.
Аталған кездесуге қоғам белсенділерін, үкіметтік емес ұйымдар мен саяси партиялардың мүшелерін және мемлекеттік қызметшілерді қатысуға шақырамыз.
