kk
Default banner
Разное
426 450 постов45 подписчиков
Всяко-разно
0

АНОНС

2017 жылғы 7 сәуірде сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасы бойынша жариялы талқылау өткізеді.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми қоғамдастықтың өкілдері, құқық қорғаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысады.
Аталған іс-шараның мақсаты «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 наурыздағы Заңмен Конституцияға енгізілген түзетулермен сәйкестікке келтіруді қамтамасыз ететін заң жобасының негізгі ережелерін түсіндіру және талқылау болып табылады.
Өткізу орны: Министрліктер үйі, 13 кіреберіс, 1 қабат, Мәжіліс залы, Журналистерді тіркеу 2017 жылғы 7 сәуір 12.30-ға дейін жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің баспасөз қызметі
Тел: 74-06-01, 74-06-02