АНОНС
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру бойынша Жол картасының 1.8.-тармағын орындау мақсатында ҚР Қаржы министрлінің Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық бөлімшелерінде салық әкімшілігін жүргізу саласы бойынша сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасауға әкеп соғатын себептер мен шарттарды анықтау және талдау жүргізілуде, соның ішінде, 2017 жылдың 31 қаңтары мен 14 наурызы аралығында ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілуде.Осыған орай, салық әкімшілігін жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстарыңыз болған жағдайда, 2017 жылдың 6 наурызына дейін [email protected] электронды поштасына жолдауларыңызды сұраймыз.
