АНОНС
Аудандар мен ауылдық округтер тұрғындарына құқықтық көмек көрсету мақсатында, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органымен көшпелі кездесулер өткізіліп тұрады.
2016 жылдың 2 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Исақов Болат Әлмұханұлы Теректі ауданы Федоровка ауылының тұрғындары үшін көшпелі қабылдау өткізеді.
Қабылдау «Нұр Отан» партиясының Теректі аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында, Юбилейная көшесі, 16 үй мекен-жайында өтеді.
Анықтамалар үшін: 87113223298
