Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АНОНС

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті келесіні хабарлайды. 2016 жылдың 29 қараша күні сағат 15:00-де облыс маслихатының кіші залында (3 қабат) ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысы өтетінін және оның барысында келесі мәселелер қаралатын ескертеді:

1. Жергілікті мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссия қызметінің қорытындысы бойынша Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек және Сырым ауданы әкімдіктеріндегі тәртіптік комиссия төрағаларының есептерін тыңдау;

2. Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу баскармасының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындысы бойынша, басқарма басшысының есебін тыңдау.

 
0
0
211

Еще по теме