Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АНОНС

АНОНС

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті
қазақ тілінен сабақ беретін оқытушылар арасында республикалық
«Тіл мерейі» байқауын өткізеді.


Өтетін уақыты: 2014 ж. 23-24 қазан  
Іс-шараның басталуы: 10.00 сағ.
Өтетін орындары: 23-24 қазан күндері, Астана қ.Гуманитарлық колледжі., Жансүгіров к-сі, 4.
Қатысушылар: «Тіл мерейі» облыстық (қалалық) байқауының жеңімпаздары, тіл мамандары, әдіскер-ғалымдар, тіл оқыту орталықтарының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер.
Ү.ж. 23-24 қазан  күндері қазақ тілінен сабақ беретін оқытушылар арасында республикалық «Тіл мерейі» байқауы өткізіледі.
Байқау ересектерге мемлекеттік тілді оқытып жүрген педагогтердің ішінен талантты, шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздарды анықтау, қолдау, марапаттау, олардың кәсіби әлеуетін дамыту, ынталандыру және озық тәжірибелерін таратуды мақсат етеді.         
Байқау аясында 23 қазан күні байқаудың бағдарламасына сәйкес өзін өзі таныстыру, сабақ үлгілері көрсетіледі; 24 қазан күні оқытушылардың электронды портфолиосымен танысу, салтанатты  марапаттау рәсімі болады.

БАҚ-тың тіркелуі міндетті.
Баспасөз қызметімен байланыс: 87172 32-31-00, 87029408505

 

0
0
221

Еще по теме

АНОНС - Yvision.kz