АНИМЕ ДӘУІРI

Қазіргі таңда жастарымыз жапон мәдениетін тез қабылдауда. Балалар шетелдік «Губка боб» немесе «Мои волшебные родители» мультфильмдеріне қоса, ғаламтор желісінде жиі қарайтын аниме ретіндегі сериалдарды қарауға құмар. Ондағы порнографиялық кадрлар, былағыт сөздерге толы лексикасы, ашық киінген қыздар мен ұлдар жеткіншектердің психологиясын бұзады.
Біздің білуімізше, жапондық аниме ересектер аудиториясына негізделіп түсірілген. Өйткені, кейбір сюжеттері философиялық деуге келмейді, мазмұн мен идеясын түсіну қиынға соғады. Ал балалар әлі тұлға болып қалыптаспаған уақытта анимені қарауға әлі дайын емес. Оған қоса, қыздарымыз ақ парақ үстінде неше түрлі аниме қыздардың суретін салып, соларға ұқсауды армандайды.
Ағылшын зерттеушілерінің ойлары бойынша, аниме – мотивацияға, адамның шынайы болмысына кері әсерін тигізеді.
Сондықтан, ата-аналар, болашақ ұрпақтың психикасын бұзбау үшін, өз балаларыңыздын бос уақытында немен айналысатынын қадағалап жүруіңізді сұраймыз!
