Қандастармен кездесу
Зеренді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Мұрат Нұрсәуле Ақадыр ауылының тұрғындарымен кездесті. Зеренді ауданы, Ақадыр ауылында 90 пайызы қандар ағайындар мекен еткен. Өзін-өзі қамтып, мал шаураушылығымен айналысатын ағайындар Ақадыр ауылына сапалы жол салып беруді өтінді. Себебі, мал шаруашылығын жөңгелетіп отырған ауыл тұрғындарының табыс көзі сүт өнімдерін Көкшетау қаласына сату болып табылады. Ал осы Көкшетау қаласы мен Ақадыр ауылының арасындағы жол адам шошырлық, көліктері жиі сынып, шығынға ұшырайтындарын айтып шағымданды. Ауыл тұрғындарынан тек осы бір өтініш түсті. Үгіт-насихат барысында "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
