ҚАНАТ ИСЛАМ WBA РЕЙТИНГІНІҢ ҮЗДІК БЕСТІГІНЕ ЕНДІ
WBA барлық салмақ дәрежесі бойынша әлем боксшыларының жаңарған рейтингін жариялады, - деп хабарлайды Qamshy.kz Sports.kz -ке сілтеме жасап. Қазақстан өкілдеріне қатысты тізімде аздаған өзгерістер бар.

Бірінші орта салмақта рингке шығатын Қанат Ислам бірқатар көтеріліп, үздік бестікке енді. Ал Жанқош Тұраров жартылай орта салмақ дәрежесіндегі ТОП-15 қатарынан шығып қалды. «Уақытша» чемпион Жанат Жақиянов жеңіл салмақ санатында көшбасшы болып қалды.
«Қамшы» сілтейді
