Қанат Ислам
Ассаламалейкум Отандастар!
Мені, Қазақстан Республикасының отансүйгіштік рухы бар азаматтары түсінеді деп ойлаймын. Ақырғы кезде көптеген басылым беттерінде Қанат Ислам (Qazaq) бауырымызға көптеген сын айтылып, оны Геннадий Головкинмен (GGG) салыстыра мін қоюшыларды жиі кездестиреміз.
Міншіл ағайындарымызға өткір тілмен айтатын, оларға тоқтау қоятын шақ келді! Ағайындар, біз қайда құлдырап барамыз!?
Қазақ атамыздан калған тектілікпен, жаужүректілікті айқындап, бүкіләлемдік рингте көк байрағымызды желбірете- атойлап жүрген боксшымыз Қанат Исламға да тиісіп- мін қоюды тоқтатпасақ, сол екі арланымыз Геннадиймен Қанатты үлгі тұтып, соларға қарап адым бастаған жас спортшыларымыздың баспай жатып жүздерін қайырамыз...
Мен өзімнің жеке блогымда (Tursha.yvision.kz, 20.03.2017 ж.) жазған «Бой казахстанского боксера Геннадия Головкина (GGG) с Дэниэлом Джейкобсом» атты мақаламда да осы сынгөздік, соқыр міншілдікке қарсы іштегі жан айқайымды ақтаруға тырысқанмын. Геннадий Головкин, Қанат Ислам қазақ кәсіпқой бокс әліппесінің алғашқы алтын әріптері. Екеуінің де чемпиондық жолдағы өз соқпақтары, өз тарихы бар азаматтарымыз. Екеуі де дара тұлға!
Қанат бауырымызға тоқтасақ, оның сонау қытай елінде жүріп, жеке дара мініз көрсетіп, сол елді емес, Отаным- Қазағым деп атажұртына емірене оралып, Қазақстан бокс спортына өзіндік салмақ қосып, шеберлігін шыңдай бүкіләлемдік дода төрінен орын тепті.
Әр соққысын «қазағым үшін!»- деп соқса да, біздің бұқараның ішінен тырнақ асты кір іздеушілер жүрекке кірбің салады! Солар, өздері отаным- қазағым деп не бітірді, немесе өздеріне қарымта сұрақ қойды ма екен...
Ағайындар, аласың- шұбарсың демей, жақсымызды асыра білейік!
Солардың жолын қуған жас буынға қолдау болайық, рух берейік!
Қанат Ислам бауырымызға алдағы кездесуінде жеңіс тілейміз, арқашан жетістіктеріңе куанамыз, қазақ жұрты- қазақ елі өзіңнен тек жеңіс күтеді!
