Қ.АНАШЕВ ТІКЕЛЕЙ ЭФИР ӨТКІЗДІ
Бүгін аудандық партия филиалының ғимаратында аудандық қоғамдық "Келісім" кеңесінің төрағасы - Анашев Қалаубек Анашұлы "Түлкібас ауданын дамыту" тақырыбында тікелей эфир өткізді. Тікелей эфир барысында Түлкібас ауданының жеткен жетістіктері мен қазіргі таңдағы жағдайын айтып өтті. Сонымен қатар күні кеше өткен "Nur Otan" партиясының кезектен тыс ХХ съезіндегі бекітілген жоспарлар мен тапсырмалардың маңыздылығы зор екендігін атап өтіп, 2025 жылға дейін Сайлауалды бағдарламалардағы атқарылатын істердің жүзеге асатындығына сенімі мол екендігін жеткізді.
