Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Ана туралы сыр

Соңғы кезде телеарналардың эфирінен 350 баласы бар ана туралы ролик жиі шығатын болды. Өзгенің баласын өзімдікі деп бауырына басып, өсіріп, тәрбиелеген Тұяқ Қазкенқызы туралы... Жүзінен мейірімі төгілген ана өмір қиындықсыз болмайтынын, жеңіске жету әркімнің қолынан келетінін, әлемді өзгерту үшін әр адамның талпынуы керектігін айтады.  Кейін білсем  бұл Kaspi Bank-тің  «Kaspi қаһармандары» атты жарнамалық кампаниясының жалғасы екен. Бұған дейін аталған кампанияның кейіпкері Марат Жыланбаев болған еді. Адамға ой салатын, тамаша кампания. Әрі оның кезекті кейіпкері Тұяқ Қазкенқызы болғаны қуантады. Мұндай ананың еңбегін насихаттау, қолдау баршамызға ортақ болуы тиіс. Жақында Тұяқ Қазкенқызының қолынан тәрбиеленген балалардың біразымен сұхбаттасу сәті түскен еді. Назарларыңызға аналары туралы сыр-сұхбатын ұсынамын.

Дәурен Серіков:

Мен өте қиын бала болдым. Қиын бала болған соң, мемлекеттік балалар үйінен атамның алып кетуіне тура келді. Ал, кіші қарындастарым мен інілерім Тұяқ Қазкенқызының қамқорлығында еді. Бірнеше жылдан соң мен де олардың қатарына қосылдым. Мұндағы адамдарға деген қамқорлықты көріп, таңқалдым. Алдыңда ыстық шәй, бір банка құлпынай тосабы тұрады...Егер машина жөндеп үйренгің келсе саған ешкім тиым салмайды.

Әкеміз бізді көп нәрсеге үйретті – біз сантехниканы жөндеп, құбыр төсей аламыз, шеге қағып, қиын жағдайлардан да шыға аламыз. Бір күні  бізге демеушілер бір машина «брусчатка» сыйлады. Оны төсеу үшін жұмысшы жалдауға біздің мүмкіндігіміз жоқ еді. Анамыз іссапарда жүрген. Біз көршілеріміздің ауласында жұмысшылардың тас плитка төсеп жүргенін байқап қалдық. Мен барып, қалай төсеу керектігін сұрадым. Олар қалай төсеуге болатынын көрсетіп берді.  Бәрі қарапайым екен. Бұған дейін біз бір апта төсей алмай қиналғанбыз. Көріп алған соң, бір-ақ күнде бітірдік.

Маған жұмыс істеуді, ойлауды, өзіңнің және басқалардың проблемасын шешуді үйреткендерге алғысым шексіз.

Анам мен үшін қиындықты көп көрді. Алдымен мен жүргізуші болдым, жүргізу куәлігін алдым. Кейін шаштараз болғым келді, шаштараздың курсын оқыдым. Кейін ресторан басқарушысы болып істеп, жақсы табыс таптым. Бірақ, анам оған қарамастан: «Болды, сен үлкен нәрселерге ұмтылуың керек», деді. Ол кісі менің бауырларым сияқты әскери адам болғанымды қатты қалады. Бірақ менің денсаулығым жарамады, медкомиссиядан өтпей қалдым. Сосын қаржы және аудит мамандығы бойынша колледжді, экономист мамандығы бойынша Нархозды бітірдім. Қазір Kaspi Bank-те жұмыс істеймін.

Әрбір отбасыға бір-біріне көмек, қолдау, сенің қажет және қымбат екеніңді білдіретін сезім керек.  Анамыз бізге бұл сезімді бере алды. Егер мен бірнеше апта үйге бармай қалсам, ол қоңырау шалып, «Балам, қал қалай?» деп сұрайды. Мен 29 жаста болсам да көзінен таса етпейді. Қолындағы телефонындағы  кітапша нөмірлерге толы. Біздің 350 адам болғанымызға қарамастан, әрқайсымызға хабарласып, бақылап отырады.

Әрине, мен анамның қолында болмасам да, адам қатарына қосылуға тырысар едім. Бірақ, мұндағы он жылым бекер өткен жоқ. Мысалы, анамның қолдауы арқасында институтты бітірдім.

Қазір банкке пайдалы болғым, осы бір өте қиын бизнесті үйренгім келеді. Бас директор болуды армандамайтын қызметкер нашар қызметкер деп санаймын.

Данелия Түргенбаева:

Анам мені және кіші қарындасымды төменгі сыныпта оқып жүргенде қамқорлығына алды. Бастапқыда мен оны анам деп атай алмадым. Бірақ кейін оның шынымен де бізге қамқор екенін көріп, ана деп атағаным дұрыс деп шештім. Қазір мен ол кісіні директор немесе Тұяқ Қазкенқызы деп атауды ойлай алмаймын.

Мен әрқашан жақсы оқыдым. Физик болғым келді. Анам қазір саған тек Қыздар педагогикалық университетіне түсуге көмектесе аламын деді. Мен басында сасып қалдым, мұғалім болғым келмейтін. Бірақ анам «физика-математика факультеті» екендігін айтты. Мен бұған тек қуындым. Өйткені армандаған мамандығым. Кейін байқағаным педагогикалық оқу орны да өте жақсы базалық білім береді екен. Институтта жүріп, өзіме өте қызық – нанотехнологияларды бағыт етіп алдым, қазір Оңтүстік Кореяға оқуға баруға дайындалып жүрмін.

Менің тағдырым қандай боларын білмеймін, бірақ кез-келген қиындықты жеңуге болады деп сенемін. Бұған бізді анамыз үйретеді. Кез-келген жағдайға қарамастан күлуге болады, бұл алдыға қйоған мақсатқа жетуге көмектеседі!

Сейіт Байсарин:

Мен ҚазБСҚА-ны бітіремін, қазір АвтоКАД-та диплом жұмысымды жазудамын, жобаларды  4D-да сызамын. Жақсы архитектор болу үшін әлі көп еңбек етуім керек. Апам  үлкен тұрғын үй кешенін салуды армандайды. Ол жерде бәріміз тұрсақ, бір-бірімізге көмектесе алсақ дейді. Мүмкін ол кісінің арманын мен жүзеге асырамын.

Балалар үйінде маған үлкен мүмкіндіктер ашылды. Мысалы, мен төртінші сыныпта оқып жүргенде Асанәлі Әшімовтың «Теңіз жағасындағы жалғыз үй» фильміне түстім. Бірақ, фильм прокатқа шыққан жоқ.

Менің ойымша, ең бастысы апам  бізді шыдамдылыққа үйретеді.

Ол өте ақылды. Адамдарды тыңдай біледі және қиын жағдайлардан шығудың жолын біледі. Оған себеп –оның жүрегі  мейірімге  толы.

0
0
1355

Еще по теме

Ана туралы сыр - Yvision.kz