Перейти к содержимому

Ана тіліміздің абызы, түрік әлемінің озық түркітанушысы Әбдуәли Туғанбайұлы Қайдардың туғанына 100 жыл толды!

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігі Ғылым комитеті, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Халықаралық Түркі академиясы мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы академик ұйымдастыруымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, түркітанушы-лингвист, Әбдуәли Туғанбайұлы Қайдаровтың туғанына 100 жыл толуына орай «Мәдениет-Өркениет-ЖаҺаният контексіндегі гуманитариялық ғылым тіл,этнос,қоғам» атты халықаралық конгессі өтті. 

Конгресте академик Әбдуәли Туғанбайұлы ҚАЙДАРДЫҢ ғылыми мұрасынан бастау алатын қазақ тіл біліміндегі, филология және түркітанудағы ғылыми парадигмалар талқыланады. Іс-шараға шетелдік және отандық ғалымдар, тілтанушылар, ЖОО оқытушылары және БАҚ өкілдері қатысады.

Қара шаңырағымыз Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, филология және әлем тілдері факультеті, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының 1 курс доктаранты ретінде осындай ауқымды іс шара куәгері болу мен үшін үлкен мәртебие, мамандығымның шыңдалуына бірде бір себеп болды. Ғалымның тіл білімінің жан-жақты дамуына қосқан үлесі, ғылыми идеяларының іске асып жалғасуы, жаңа бағыттардың, ғылыми өрісінің көкжиегін кеңейтудегі ұлан-ғайыр еңбегі, ғалымның педагогтік, ұстаздық қызметі мен үшін өмірлік құндылығым, ұстанымым және бағыт бағдар болады.

А.А. Бекен
1-курс докторанты

Н.А.Утемғалиева

PhD., доцент м.а.

Р.А. Авакова

филология ғылымдарының докторы, профессор

0
0
3890

Еще по теме

Ана тіліміздің абызы, түрік әлемінің озық түркітанушысы Әбдуәли Туғанбайұлы Қайдардың туғанына 100 жыл толды! - Yvision.kz