Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Аманжол Рысмендиев

Рысмендиев Аманжол Советбекұлы - халықаралық деңгейдегі трансформациялық бизнес-тренер. Көшбасшылық және бизнесті дамыту саласы бойынша еліміздегі ең көп сұранысқа ие бизнес-кеңесші. ТМДбойынша өз семинар-тренингтері арқылы жыл сайын 5000-нан астам адамның сапалы өмір сүруіне әсер етіп жүрген мотиваторлық оратор. Оның тыңдаушылары қатарына саясаткерлер, студенттер, шоу-бизнес жұлдыздары, спорттан әлем чемпиондары, Олимпиада чемпиондары, депутаттар, MLM лидерлері және табысты кәсіпкерлер кіреді.


Аманжол Рысмендиев 1991 жылы маусым айының 16 жұлдызында Алматы облысы Ұйғыр ауданы Сүмбе ауылында дүниеге келген. Қарапайым отбасыдан шыққан. Отбасында 2 баланың ең үлкені. Несіпбек Талшын есімді бір қарындасы бар. Әкесі-Рысмендиев Советбек Несіпбекұлы. Кеңес уақытында ұжымшарда трактор айдаған. Анасы - Қалиева Елеусіз Сатиқызы. Ауруханада фельдчер болып қызмет еткен.

1997 жылы Сүмбе ауылының орталық мектебіне барады. Мектепте сабақты үздік оқығандығымен көзге түсіп 2004 жылы Абай атындағы Республикалық дарынды балаларға арналған қазақ тілімен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатына түседі. Мектепте оқып жүріп 9-сыныпта Республикалық «Ара» журналында тілші, Республикалық «Қыз құпиясы» журналында бас редакторының орынбасары, Республикалық «Жас өркен» қоғамдық ұйымында жас журналистердің Вице-президенті, Президенті қызметтерін атқарады.

2008 жылы Мәскеудегі ХКА (Халықаралық Көшбасышылар Академиясы ) оқу орнының Менеджмент бизнеса факультетіне оқуға түсіп, 2011 жылы бітірді.
2009 жылы Академик Мирзакарим Норбековтің «Мастерская успеха» атты 10 күндік тренингтік сабақтарына қатысты.
2009 жылы Киевте Бодо Шефердің «Путь к финансовой независимости» атты семинарына қатысты.
2008 жылы Еуразиялық психология және психотерапия институтында Арт-терапия, НЛП практик мамандығы бойынша білім алды.
2010 жылы АҚШ-та бизнес жайлы терең білім алу мақсатымен, Энтони Робинстың, Стивен Ковидің трансформациялық семинар-тренингтеріне қатысты.
2010 жылы Эриксон атындағы коучинг университетіне түседі. (Канада) Сол жылы бизнес коучинг факультетінің бірінші модульін бітірді.
2010 жылы Мәскеу қаласында экономика-қаржы курстарын өтті( Академия бизнеса и право)
2012 жылы Радислав Гандапастың, Николай Латанскийдің, Робин Шарманың бизнес жайлы семинарларына қатысты.
2013 жылы Андрей Парабеллумның бизнес-тренингіне және бизнес коучингіне қатысты.
2014 жылы МBA (ағл.. Master of Business Administration, MBA) ге оқуға түсіп 9 модульін тамамдады.

2009 жылы Алматы қаласында «ЦРЧ Миллиардер» атты жеке консалтингтік компаниясын ашады.
2011 жылы «Бизнестің Инновациялық Академиясы(БИА) Бизнес Рост» тренингтік- кеңес беруші компаниясын құрды.
2015 жылы «Бизнестің Инновациялық Академиясы(БИА) Бизнес Рост» компнаиясының атын «EST system» компаниясына ауыстырады.

2008 жылы « Сезімнің шерткен күйлері» атты кітабы,.
2009 жылы «Сезім тамшылары», «Қырандардың қалықтау құпиясы» атты кітаптары жарық көрді
2010 жылы «110%-ға жақсы өмір сүремін десеңіз» атты кітабы
2013 жылы « Өрлеу» кітабы оқырманға жол тартты.
2014 жылы Ұлытау тобымен бірге «Өзіңді оят» аудио-кітабы шықты.
2015 жылы «Бизнестегі бес қару» атты кітабы шықты.

0
0
10344

Еще по теме