kk
Default banner
Разное
426 450 постов45 подписчиков
Всяко-разно
0

АМАНАТТАР ОРЫНДАЛУДА

2020 жылдың желтоқсан айында Сырым ауданы, Бұлдырты ауылының тұрғыны Қапанов Қуаныш ол кезде аудандық мәслихат депутатына үміткер Шынар Сайлауқызы Дүйсенғалиеваның қабылдауында болып отбасында психо – неврологиялық ауруымен ауратын інісі бар екенін, 18 жылдан бері қиындық көріп келе жатқаның, арнайы орталыққа орналастыруға көмек сұрап, аманат еткен болатын.

Аудандық мәслихат депутаты Ш.Дүйсенғалиева тиісті денсаулық сақтау мекемелеріне ұсыныс білдіріп, Қапанов Қуандыққа мүгедектік тағайындауын қарастырды. Мүгедектік алғаннан соң қарттар үйіне орналастыру мәселесін шешті.

Нәтижесінде 2021 жылдың 16 ақпан күні ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Батыс Қазақстан облысы бойынша Медициналық – әлеуметтік сараптама бөлімінің № 1210763-265 актісі негізінде екінші топ мүгедектік берілді. Мүгедектік туралы анықтама серия № 2557290. 2021 жылдың наурыз айында Круглоозерный кеңтіндегі Психо – неврологиялық орталыққа орналастырылды.

- «Саламатсызба Шынар, аман өріп жатырсызба сізге көп көп рахмет! Өз қолыммен апарып тастау өте қиын екен. Қанша жылғы көрген қиындығым, уайым қайғы, ұрыс керіс, төбелес бір сəт сеиілгендей болды. Бəрі Сіздің арқаңыз соңғы екі жұмада туғаннан да артық боп кеттіңіз еңбегіңіздін жемісін көріңіз, шығар биік белестеріңіз көп болсын. Алла разы болсын маған жасаған жақсылығыңыз Құдайдан қайтсын. Жанұямыздың атынан сізге алғысымыз шексіз. Келе жатқан көктем мерекесімен құттықтаймыз! Денсаулық, сарқылмас бақыт, қуанышпен шаттық тілейміз!Көрер қызықтарыңыз көп болсын!»

Сонымен қатар, Қапанов Қуаныш үгіт – насихат кезінде айтылған аманаты аяқсыз қалмай орындалғаны үшін Шынар Сайлауқызына өз ризашылығын білдіріп, арнаған өлең жолдары:

1.Өмір қымбат болмас одан қара үзгін

Қарапайым кіші пейіл ар ізгің

Алла берсін таусылмайтын бақ даулет

Шынар саған өмір бойы қарызбын.

2.Берекелі болсын ісің онынан

Жомарт жандар жолықсың тек жолынан

Жасадыңыз таудан биік жақсылық

Кез келгеннін келмей тұғын қолынан.

3.Күндіз күлкі өтті ұйқысыз кей түндер

Бағалайды əділ шыншыл кейпіңді ел

Аман болғын мұңын ойлар мұқтаждың

Сіздей жұрттың ойлап қамын жейтіндер.