kk
Default banner
Разное
426 450 постов45 подписчиков
Всяко-разно
0

АМАНАТТАР ОРЫНДАЛУДА

2021 жылдың қаңтар айында үгіт – насихат кезінде Ернар Байдашевтың қабылдауында жас отбасы Сағидолла Дарын тұрғын үйіне табиғи көгілдір отын өткізуге қолдау сұраған болатын. Мәселені шешуді Ернар Байдашев өз қолына алып, өз тарапынан Асқар Шайхиевтың ұрпақтары Рустаммен хабарласып, мән - жағдайды түсіндіріп айтқан болатын. Қайырымды азаматтар әлеуметтік көмекке мұқтаж бір отбасына ғана емес екі отбасына көмектесетінің жеткізді.

Нәтижесінде, наурыз айының басында үш балалы, жас отбасы Сағидолла Дарынның отбасына көгілдір отын тартуға ауылдық округтін мақтанышы самбо күресінен тұңғыш әлем чемпионы Асқар Шайхиевтың ұрпақтары демеушілік етіп, сыртқы төлемдерін төлеп, көгілдір отын тартып берді.

Ауыл тұрғыны, үш баланың әкесі Дарын жергілікті жердегі депутаттарымыз, демеушілеріміз халыққа көрсеткен қамқорлығының арқасында табиғи көгілдір отын келіп, үйіміз жылынып қуанып жатырмыз – деп өз ризашылығын білдірді.

Демеушілік көрсетіп, қолұшын берген барша азаматтарға алғыс білдіреміз!