Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«АМАNАТ»-ТАН ҮМІТКЕР АНЫҚТАЛДЫ

Аудан әкімдігінде өткен «AMANAT» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс ХХХ конференциясында Орда ауылдық округі әкімінің сайлауына партия атынан үміткер анықталды.

Конференцияны партияның аудандық филиалы төрағасы, аудан әкімі Нұрлыбек Даумов жүргізіп:

– Кезектен тыс конференцияның өкілеттін нормасына сәйкес, кешегі өткен 11 бастауыш партия ұйымы жиналыстарынан конференцияға 36 делегат сайланып, соның үшеуі себепті жағдаймен қатыса алмай отыр. Қалған делегаттар онлайн және оффлайн форматта қатысып отыр,-деп хабарлады. Сонымен қатар Нұрлыбек Жасқайратұлы ауданымызда Орда ауылдық округі әкімі мерзімінің аяқталуына байланысты өтуі қажеттігін айтып, оған партия атынан екі азамат өтінішін білдіргенін мәлімдеді.

Осы ретте партияның атқарушы хатшысы Исатай Құрмашев:

–Президентіміздің бастамасымен ауыл әкімдерін тікелей сайлау 2021 жылдың 24 мамырында енгізілді. Яғни енді әкімдерді бұрынғыдай депутаттар емес, жергілікті халық сайлайды. Көптеген шет елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, тікелей сайлау кезінде жергілікті атқарушы органның басшысы өз сайлаушылары алдындағы жауапкершілікті терең сезінеді, бұл оның жұмысына оң әсер етеді,-дей келе өтініш берген кандидаттар, партияның белсенді мүшелері Әлібек Айтқалиев пен Дәурен Дәуленовтың өмір мен еңбек жолымен тыныстырды.

Нәтижесінде делегаттардың дауыс беруі арқылы партия атынан Орда ауылдық округі әкіміне үміткер ретінде едәуір басымдықпен Әлібек Айтқалиев сайланды.

#орда_ақпарат

0
0
198

Еще по теме

«АМАNАТ»-ТАН ҮМІТКЕР АНЫҚТАЛДЫ - Yvision.kz