Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«AMANAT»: САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА ХАЛЫҚТЫҢ ҰСЫНЫС-ТІЛЕКТЕРІНЕ НЕГІЗДЕЛГЕН

«AMANAT» партиясының сайлауалды республикалық және Батыс Қазақстан облыстық штабының мүшелері үгіт-насихат аясында Пойма ауылының жұртшылығымен жүздесті. Партия өкілі, "Қазақ тілі қоғамы" ҚБ төрағасының орынбасары Максим Рожин партияның сайлауалды бағдарламасы кеңседе дайындалмағанын, қоғамдық қабылдауларда және ауылдарды аралау кезінде партияластарға келіп түскен ұсыныс-тілектерден құралғанын айтты. Ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы, штаб мүшесі Мұрат Теміржанов жер қатынастары саласы оңтайландырылатынын жеткізді. Жиында жергілікті тұрғын Ләззат Бекішова партияның ауылды дамытуға көңіл бөлгеніне ризашылық білдірді. Енді осы бағыттағы шаралар аясында ауылдық жолдың жайын жақсартуды, табиғи кеніштерді өңдеудегі мәселелерді шешуді ұсынды. Сонымен қатар құрылысы ұзаққа созылған мектеп ғимаратын тезірек аяқтап беруге ықпал етуді сұрады. Штаб мүшелері, партиялық тізімменМәжіліс пен облыстық мәслихатқа ұсынылған кандидаттар жұртшылықтың бұл ұсынысы ескерілетінін, жергілікті атқарушы органмен бірлесе шешу жолдары қаралатынын айтты. Сол бағыттағы жұмыстардың орындалуы үшін сайлауда «AMANAT»: партиясын қолдаудың маңызын атап өтті.1412:51

0
0
184

Еще по теме

«AMANAT»: САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА ХАЛЫҚТЫҢ ҰСЫНЫС-ТІЛЕКТЕРІНЕ НЕГІЗДЕЛГЕН - Yvision.kz