«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС ҮЛЕСІН АРТТЫРАДЫ
«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС ҮЛЕСІН АРТТЫРАДЫ «AMANAT» саяси ұйымының партиялық тізімі бойынша БҚО мәслихаты депутаттығына кандидат Абзал Насиолла мен сайлауалды штаб өкілдері «Орал Транс» ЖШС ұжымымен кездесті. Кәсіпорын жүк тасымалдаумен, бетон, құм, қиыршықтас сияқты құрылыс материалдарын сатумен айналысады. Мұнда жүзден астам адам еңбек етіп жүр. Компания директоры Темірлан Тілемісов кадр тапшылығы барын атап өтті. Айтуынша, жүргізушілер жетіспейтін көрінеді. Сонымен қатар «Даму» қоры арқылы мемлекеттік бағдарламаларға қатысу тәртібі жөнінде ұсыныстарын жеткізді. Кандидат Абзал Насиолла шағын және орта бизнес экономиканың негізгі тірегі екенін айтты. Облыста 53 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Бизнес нысандарында 118 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында бес жыл ішінде шағын және орта бизнестің өңір экономикасындағы үлесін 31,5%-дан 37,5%-ға арттыру көзделген. Кездесуде еңбек ұжымының өзге де ұсыныс-тілектері тыңдалды. Партияның облыстық филиалындағы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Гауһар Шайхиниязова кәсіпорын қызметкерлерін саяси науқанда белсенділік танытып, «AMANAT» партиясына дауыс беруге шақырды. #AMANAT2023 #ДауысберAmanat2023 #ГолосуйЗаAmanat2023
