Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

⚡️«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ХАЛЫҚТЫҢ ТАБЫСЫН ЕСЕЛЕУДІ КӨЗДЕЙДІ

⏺Кандидат Ербол Салықов партияның сайлауалды бағдарламасында ең алдымен халықтың табысын арттыру және жұмыссыздық деңгейін төмендету міндеті тұрғанын атап өтті. Ал бұл мақсатты орындаудың тиімді тәсілі - шағын және орта бизнесті дамыту.

⏺Облыста қазір 53 мың кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Онда 118 мыңнан астам адам еңбек етеді. Енді бұл көрсеткішті одан әрі арттыру қолға алынады. Партия шағын және орта бизнес арқылы жылына кемінде 500 адамды жұмысқа тартпақ. 2027 жылға дейін кәсіпкерлік субъектілерінің санын 61 мыңға жеткізу көзделген. 300-ден астам кәсіпкерге қаржылай қолдау көрсетіледі.

⏺«ОралТазаСервис» компаниясының өкілдері кадр мен сұйық отын тапшылығы барын айтты. Кәсіпорын жұмысшылары ала таңнан қара кешке дейін қаланы қоқыстан тазартады. Кездесуде олар партияға сенім артатынын білдіріп, алдағы уақытта еңбек адамдарына қолдау көрсетуді сұрады.

0
0
209

Еще по теме