kk
Default banner
Разное
426 297 постов48 подписчиков
Всяко-разно
0

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ


Бүгін аудандық филиал мәжіліс залында «AMANAT» партиясы Тасқала аудандық филиалы фракциясының отырысы өтті. Жиынға фракция депутаттарымен қатар аудан әкімінің міндет атқарушысы Аян Халауедин, мәслихат хатшысы Жанар Бисенгалиева, фракция депутаттары, облыстық, аудандық Саяси кеңес Бюро мүшелері, аудандық «Екпін» газетінің өкілдері қатысты. Фракция отырысына «AMANAT» партиясы Тасқала аудандық филиалының атқарушы хатшысы, фракция жетекшісі Люция Жұбанышқалиева төрағалық етті.
Фракция отырысында «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламаның Жол картасының 2022 жылдың І тоқсанына бойынша және 2021 жылғы орындалмаған көрсеткіштердің жүзеге асу барысы, «AMANAT» партиясының аудандық филиалының жаңадан құрылған қоғамдық кеңестерінің құрамы мен қызметі жөнінде және депутаттардың рейтингісі туралы мәселелер қаралды. Алғашқы мәселе бойынша аудан әкімінің міндет атқарушысы Аян Халауедин баяндама жасады. Ол өз сөзінде сайлауалды бағдарламада жүзеге аспаған 4 жобаны атап өтті.
- Өзіңізге мәлім 2021 жылдың 15 ақпанында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша жол картасы бекітілді. 2021 жылы 88 іс-шараның 67-і (76 пайыз) орындалғанын, 4 (5 пайыз) орындалу сатысында, 6 (7 пайыз) ішінара орындалғанын, 7 (8 пайыз) орындау мерзімі болмағандығын, 4 (4 пайыз) іске асырылмады. Осы 4 жобаға тоқталатын болсақ олар: Тасқала ауылының су қорғау бөгетін күрделі жөндеу;Тасқала ауылындағы үш қабатты 2 көп пәтерлі тұрғын үй құрылысы; Тасқала ауылындағы «Ақбөпе» балабақшасын күрделі жөндеу; Тасқала ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салу есебінен спорттық инфрақұрылымды кеңейтуге жәрдемдесу - деді аудан әкімінің міндет атқарушысы. Бұдан бөлек сумен жабдықтау, автомобиль жолдарының жөндеуі, түнгі жарықтандыру , әлеуметтік нысандарына күрделі жұмыстарды өткізу мәселелеріне де тоқталып, жүзеге асырылмауы мүмкін жобаларды атап өтті. Сондай-ақ, бірқатар жобалардың жүзеге асырылуы бойынша тиісті тұлғаларға тапсырмалар берді.
Күн тәртібіндегі кезекті мәселелер бойынша «AMANAT» партиясы Тасқала аудандық филиалының атқарушы хатшысы, фракция жетекшісі Люция Жұбанышқалиева баяндама жасап, партия жанындағы қоғамдық кеңестер мен комиссиялардың төрағаларын таныстырды. Сонымен қатар, қоғамдық кеңестердің жұмысын атап өтіп, олардың партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуын қадағалайтынын баса айтты.
Жиында депутаттар мен партия мүшелері ауданымыздың білім, денсаулық сақтау, инфрақұрылымдық даму, әлеуметтік мәселелері бойынша сауалдарын қойып, ұсыныстарын жолдады. Партияның Тасқала аудандық филиалының атқарушы хатшысы Люция Жұбанышқалиева жиында қаралған және ұсынылған мәселелердің маңызы зор екендігін алға тартып, депутаттарды бірлесе жұмыстануға шақырды.
-Көріп отырғандарыңыздай партияның да, мемлекеттің де алдында тұрған мақсаттары ауқымды. «AMANAT» партиясының басты принципі қоғамның негізгі сұраныстарына – адалдық пен әділдікке, тиімділік пен жауапкершілікке, жеделдік пен ашықтыққа негізделген. Ел Президенті партияның ХХІ Съезінде сөйлеген сөзінде саяси күштер мен қоғамды «Жаңа Қазақстанды» құру жолындағы негізгі міндеттерді шешуге жұмылдыратындығын жеткізді. Осы орайда, , фракция депутаттары мен Саяси кеңес мүшелері, бастауыш партия ұйымы төрағалары, мемлекеттік органдар мен салалық мекемелер басшылары партия мүшелері ретінде бірігіп жұмыс жасауымыз қажет. Ол үшін әр партия мүшесі партияға, елге қызмет етіп, әр жүрген ортасында партияға деген жағымды көзқарасы мен пікірін айтып, жүзеге асып жатырған оң өзгерістер түсіндіруі шарт.
Жаңа Қазақстанды құру баршамызды ортақ міндетіміз десек, «AMANAT» партиясының жанына топтасып мемлекетіміз дамуы мен өркендеуі жолында аянбай қызмет етуге шақырамын.