Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

"AMANAT" ПАРТИЯСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ АКТИВ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

"AMANAT" партиясының аудандық филиалы активіне онлайн және оффлайн форматта партия кеңесінің мүшелері, фракция депутаттары және партия белсенділері қатысты.

Активтің күн тәртібінде бір мәселе қаралды. Ол Қазақстан Республикасының Президенті, Партия Төрағасы Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асырудағы «AMANAT» партиясы аудандық филиалының міндеттері болды.

Алдымен аудандық филиалдың атқарушы хатшысы Исатай Құрмашев Жолдау сілтеген жолдың негізгілеріне тоқталса, жарыссөзге шыққан аудандық мәслихат депутаты Райымбек Құрмағазиев және партия белсендісі, "Алина" шаруа қожалығының жетекшісі Қайрат Насимоллин Жолдаудан туындаған оң бастамаларды жүзеге асыру жолында бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

0
0
169

Еще по теме

"AMANAT" ПАРТИЯСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ АКТИВ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ. - Yvision.kz