Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ БҚО-ДА МӘДЕНИЕТ НЫСАНДАРЫН КӨБЕЙТУГЕ ЫҚПАЛ ЕТЕДІ

«AMANAT» саяси ұйымының партиялық тізімі бойынша БҚО мәслихатына ұсынылған кандидат Софья Ізмұханбетова мен сайлауалды штаб өкілі Олжас Сейтимов Оралдағы Жастар мәдениет сарайында болып, әкімшілік қызметкерлермен кездесті. Өнер ұжымы партия өкілдерін құрметпен қарсы алып, әннен шашу шашты. Кандидат та мекеме қызметкерлеріне ыстық ықыласын білдіріп, әйгілі «Мы – эхо» туындысын шырқап берді. Емен-жарқын жүздесуде тараптар мәдениет саласындағы мақсат-міндеттерді талқылады. Партияның сайлауалды бесжылдық бағдарламасында бұл саланы да одан әрі дамыту көзделген. Соның ішінде дәл осы Жастар мәдениет сарайы мен Деркөлдегі мәдениет үйі жаңғыртылмақ. Тасқала ауылына мұражай және мәдени-сауықтыру кешені салынбақ. Ал тұңғыштар мекені Бөкей Ордасы ауданында туризмді түлетуге екпін беріледі. Хан Ордасы ауылындағы мұражай кешенін тамашалауға барған туристер үшін арнайы орталық бой көтереді. Бұған қоса партия аймақтағы өзге де елді мекендерге тағы 35 мәдениет үйін салуға ықпал етеді. Кандидат өзге де атқарылатын жұмыстар легін айтып, оларды бірлесе жүзеге асыру үшін еңбек ұжымын сайлауда «AMANAT» партиясына дауыс беруге шақырды. Мекеме қызметкерлері де көшбасшы саяси ұйыммен бірге екенін жеткізді. #AMANAT2023 #ДауысберAmanat2023 #ГолосуйЗаAmanat2023

0
0
114

Еще по теме

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ БҚО-ДА МӘДЕНИЕТ НЫСАНДАРЫН КӨБЕЙТУГЕ ЫҚПАЛ ЕТЕДІ - Yvision.kz