«AMANAT» ПАРТИЯСЫ БҚО-ДА БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУҒА ДЕН ҚОЯДЫ
«AMANAT» ұйымының сайлауалды партиялық тізімі бойынша ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаттығына БҚО-дан ұсынылған кандидат Снежанна Имашева және облыстық мәслихатқа үміткер Дінмұхамед Сәтбаев Оралдағы «Премиум» сауда үйінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Штаб мүшелері сауда үйіндегі әрбір қызметкер мен тұтынушыны саяси науқанға бейжай қарамауға және сайлауда «AMANAT» партиясына дауыс беруге шақырды. Дүкендер желісінің қызметкерлері кандидаттардан қалада спорт алаңдарын көбейтуді, балалар мен жасөспірімдерді спорт секцияларына көбірек тартуды сұрады. Ал өздері спорттан алыс емес екендерін, бокс клубында жаттығатындарын жеткізді. Спорттан бөлек, саяси жүйеден де үнемі хабардар болып тұратынын және сайлауға міндетті түрде баратындарын тілге тиек етті. #AMANAT2023 #ДауысберAMANAT2023 #ГолосуйзаAMANAT2023
