Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

"AMANAT" ПАРТИЯСЫ АТЫНАН ҰСЫЛНЫЛҒАН КАНДИДАТ БИСЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ ӘКІМ САЙЛАНДЫ

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикалық Конституциялық Заңы 14-бабының 9 тармақшасына, 45-бабына, 113-11- бабының 1-тармағына сәйкес 2022 жылғы 29 мамырда болған Бисен ауылдық округі әкім сайлауының қорытындылары туралы сайлау комиссиясы хаттамасының негізінде Бөкей ордасы аудандық комиссиясының 2022 жылғы 30 мамырдағы √6 шешімімен Құрмашев Кенжебек Асқарұлы Бисен ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Осы ретте, бүгін аудан әкімі Нұрлыбек Даумов Бисен ауылдық округіне барып, сайланған әкімді құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі. Жиынға қатысқан ауыл ақсақалдары да сайланған әкімге ақ тілектерін білдірді.

Кенжебек Асқарұлы 1976 жылы 14 тамызда Орал облысы, Орда ауданы, Бисен ауылында дүниеге келген.

2005 жылы - М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Тарих және география» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2002 жылы Т.Масин орта мектебінің мұғалімі болып бастаған.

Әр жылдары:

- М.Мәметова атындағы орта мектебінің мұғалімі;

- Балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры;

- Бисен ауылдық округі әкімі болып қызмет атқарған.

Отбасылы, 4 баласы бар.

0
0
240

Еще по теме

"AMANAT" ПАРТИЯСЫ АТЫНАН ҰСЫЛНЫЛҒАН КАНДИДАТ БИСЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ ӘКІМ САЙЛАНДЫ - Yvision.kz