Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

📷 «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХХII КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХХII КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының кезектен тыс ХХХII конференциясы өтті.

Конференция жұмысын филиал төрағасы Қуат Байғоджаев ашып, жүргізді.

Конференция жұмысына партия филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, партия ардагерлері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында күн тәртібіне сәйкес «AMANAT» партиясының Алматы облысы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының жобасы бекітілді. Партиялық тізім және бірмандаттық сайлау округтері бойынша сайланатын Алматы облысытық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың тізімі таныстырылды.

Партия төрағасы Қуат Байғоджаев облыста соңғы екі жылда «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында бірқатар нәтижелерге қол жеткізгенін айта кетті.

📷 «Өңірде білім беру саласында 4 мыңнан астам орынға 9 мектеп салынды. 24 мектеп күрделі жөндеуден өтті. 3 мектепке 300 орындыққа кеңейді. 12 мыңнан аса орындық 128 балабақша ашылды. Сондай-ақ 27 медициналық мекеме ашылды. Бұл 150 келушіге арналған 3 фельдшерлік-акушерлік пункт, 50 азаматты бір мезгілде қабылдайтын 2 фельдшерлік пункт және 20 дәрігерлік пунктке арналған блок-модульдік кешен, 2 дәрігерлік амбулатория салынды», − деді партия төрағасы.

Оның айтуынша, екі жыл ішінде облыста 1,5 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. Оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 180 пәтер берілді. Сонымен қатар 147 ауылдың 1 млн-ға жуық тұрғындары газбен қамтылды. 1,2 млн адамды қамтитын 384 ауылға су құбыры жүргізіліп, жөнделді. Ауыл шаруашылығы саласында жалпы сомасы 36 млрд теңгеге 19 кәсіпорынды іске қосу қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ партияның сайлауалды уәделерін орындау аясында «Жер аманаты» жобасы арқылы 112 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Жұмыспен қамту шараларын жүзеге асыру аясында 35 мың адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Алайда, аймақтың негізі проблемалық тұстары да бар. Партия облыстың проблемалық мәселелерін тұрақты негізде анықтап отыр, және оларды шешу жөнінде шаралар қабылдауда. Бүгінгі таңда өңірд

0
0
268

Еще по теме

📷 «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХХII КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ - Yvision.kz