Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«AMANAT»: ОРАЛДА ШТАБ МҮШЕЛЕРІ АГРОХОЛДИНГ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«AMANAT» саяси ұйымының БҚО сайлауалды штабы жетекшісі Мұрат Мұқаев және партиялық тізім бойынша облыстық мәслихат депутаттығына ұсынылған кандидат Берік Құсайынов «Белес» компаниялар тобына тиесілі «Ақ қайнар» кәсіпорнына барып, жұмысшылармен жүздесті.

«Белес» компаниялар тобы – а.ш. өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша кәсіпорындарды біріктіретін агрохолдинг. Өндірілген өнімдер ішкі нарыққа ғана емес, шетелге де шығарылады. Мұнда жалпы саны 700-ге жуық адам еңбек етеді екен.

Штаб жетекшісі ұжымға саяси науқан жөнінде түсіндіріп, әрбір адамның дауысы маңызды екенін атап өтті.

– Сайлау учаскелеріне адам неғұрлым көп келсе, нәтиже соншалықты объективті болады. «AMANAT» партиясы қоғамдағы ең өзекті мәселелерді шешуге ықпал етеді және сол үшін бағдарлама әзірледі. Халықтың табыс көлемі мен тұрмыс сапасын арттыру үшін ортақ іске жұмылуымыз қажет. Барлығыңызды сайлауға қатысуға және «AMANAT» партиясына дауыс беруге шақырамын, – деді штаб жетекшісі.

0
0
158

Еще по теме

«AMANAT»: ОРАЛДА ШТАБ МҮШЕЛЕРІ АГРОХОЛДИНГ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ - Yvision.kz