Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Аман Назерке

Зерде – қазақ тіліндегі республикалық ғылыми танымдық журнал.Алғашқы саны “Білім және еңбек” деген атаумен 1960 жылы жарық көрді. Алғашқы редакторы – Камал Сейітжанұлы Смайылов. Ғылыми-көпшідлік басылым 1987 жылдан бері “Зерде”деп аталады.Тұңғыш редакторы Абдухамит Мархабаев.Журнал өз оқырмандарын, оның ішінде жастар мен жасөспірімдерді отандық және әлемдік ғылым мен білім саласындағы жаңалықтармен таныстырып келді. Қазақ басылымдарының ішінен алғаш рет Әл-Фараби туралы мақала осы журналда жарияланды. Абылай хан мен Әбілхайыр ханның суреттері де тұңғыш рет осы журналда жарық көрді. Білім және еңбек - жастарға арналған ғылыми-көпшілік журнал. Қазақстан БЛКЖО OK мен Пионер ұйымы республикалық кеңесінің журналы ретінде 1960 жылы қаңтардан ай сайын қазақ тілінде шыға бастады. Сәтбаевтың «Білім және еңбек» - те жарияланған жоғарыда аталған «Еңбекте шыңдал», «Том қаласындағы ұлттар кеші» мақалалары ғалымның 1989 жылы «Ғылым» баспасынан жарық көрген «Ғылым және мәдениет туралы таңдамалы мақалалары» жинағына, «Қазақстан қазынасы - коммунизм игілігіне» деген публицистикасы осы аталған кітап пен Сәтбаевтың 5 томдық таңдамалы еңбектерінің 1970 жылы баспадан шыққан 5-кітабына енгізілген. Журналдың бас айдарлары: “Асыл мұра”, “Ғылым көкжиегі”, “Саул қойған екенсіз”, “Жас ғылым мінбері”, “Дүние жатқан жұмбақ”, “Дөңгелек-жас шеберлер клубы”, “Оқып туған”, “Жас ғалым”, “”Зерттеу жүргізеді”, “Жақсыдан ғибрат”деп аталады.

Абдулхамид Мархабаев – 1938 жылы 18 сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ауан ауылында дүниеге келген. 1964 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін (журналистика бөлімі) бітірген. «Білім және еңбек» («Зерде) журналының әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі (1964–1967), Қазақ мемлекеттік университеті журналистика факультетінің ассистенті, аға мұғалімі, доценті (1967–1976) қызметтерін атқарған.«Білім және еңбек» журналының бас редакторы (1976–1985), «Жаңа фильм» журналының аға редакторы.1959 жылдан республикалық басылымдарда ғылыми-фантастикалық жанр саласында әңгіме-повестер жаза бастады. «Ғарыштағы қымыз» атты тұңғыш жинағынан (1972) бастап, «Арал әуендері» (1980), «Балалардың аман қалғанын айт!» (1997), «Аспанға құлады да кетті» (1997), «Жарылқаушы…» (1998), «Тосын ғарышхат» (1998), «Шортан планетасы, сен кінәлісің!» (2008), «Қызық қиял» (2008), т.б. ондаған көркем шығармалары жеке кітап болып шықты.Жеке туындылары «Қызыл сәуле» (1962), «Байқоңыр шоқ жұлдызы» (1979), «От-тас» (1981), «Жерұйыққа саяхат» (1984), «Отанымыздың Тәуелсіздігіне тарту» (2006) жинағына енген. Кейбір шығармаларын орыс тілінде «Молодая гвардия» баспасының жыл сайынғы «Фантастика» жинағы, украин тілінде «Молодь» баспасы, молдован тілінде «Литература артистикэ» баспасы басып шығарды.Журналдың негізгі бағыты - ғылым мен техника жаңалықтарын, озық технология жетістіктерін насихаттау, жас жеткіншектерді өнер-білімге, техника тілін меңгеруге баулу, оларды табиғат таңғажайыптарымен, әдебиет пен өнердің, сәулет өнерінің үздік туындыларымен таныстыру. Осы мақсатпен журнал бетінде республика ғалымдарының, білікті мамандардың, өнер, әдебиет қайраткерлерінің материалдары жиі жарияланып тұрды.Журналда Қаныш Сәтбаевтың «Қазына қоймасы - Қазақстан» (1960, 10-саны) және «Қазақстан қазынасы - коммунизм игілігіне» (1961, 10-саны) деген публицист, мақалалары жарияланған. Көсемсөзге тән көтеріңкі рухпен желдірте жазылған бұл мақалаларында ұлы ғалым еліміздің кен байлығын мақтан ете отырып, сол мол ырыздықты игеру ушін жастарды білімге, еңбек сүйгіштікке шақырады, елімізде мал шаруашылықтарын өркендету үшін шөлейт аудандарды суландыру, жер асты суларын пайдалану мәселесін алға тартады. Ғылым Академиясының «Еңбекте Шыңдал!» (1960, 3-саны), «Барлаңдар, бағдарлаңдар!» (1961, 7-саны) деген шағын материалдары ақылғой атаның ұрпағына айтар ұлағатты ақ батасы сияқты. Журналдың заңды жалғасы «Зерде» 1989 жылғы 4-санын түгелдей ұлы ғалымның 90 жасқа толған мерейтойына арнады.Мұнда редакция алқасы Сәтбаевтың азамат, ғалым, президент, геолог, ұйымдастырушы, ұстаз, тарихшы, әдебиетші, тәлімгер, қайраткер, геохимик, заң қызметкері, тілші ретіндегі тұлғасын сомдауды мақсат еткен. Оның осы аталған қырларына байланысты А.Абдуллин, Н.Оңдасынов, Б.Момышұлы, В.А.Обручев, Д.И.Щербаков, П.Тәжібаева, Т.Лаумулин, Ш.Сәтбаева, В.И.Штифанов, Ф.В.Чухров, Қ.Жәмінов, Қ.Құсниденов сияқты ғалымдардың қызметтес әріптестеріне, Сәтбаевтанушы жазушы М.Сәрсекеге, шәкірттері мен ұрпақтарына сөз берген. Журналдың бұл арнаулы саны ғалым өмірінің әр түрлі кезеңдерін бейнелейтін фото материалдармен, деректі құжаттар көшірмелерімен көркемделген.

Журнал мектеп оқушылары мен көпшілік қауымды ғылым жаңалықтары мен таныстыру,жұмбақ дүниедегі адамға бұрын-соңды мәлім болған ғажайыптар туралы айтып беру,сол арқылы жас өспірім оқырманының өмірге көзқарасын қалыптастыру жолында табыссыз еместігін айта кеткен жөн.Журнал,әсіресе, редакторлары Б.Қойшыбаевтің , А.Сейдімбековтың тұсында жақсы материалдар мен көзге түсті.

Мәселен, “Зерденің”1995 жылғы бір сананда Хасен Қожа – Ахметтің

“Біз демократияны білеміз бе ?”Б.Шланованың “Шешендік тәлім-тәрбие”Ә Оразалиеваның “П.Н. Милиоранскиидің қазақ тілін зертеуі”,Б.Тлепиннің “Шопан ата”, “Сексек ата” тағылымдары деген танымдық материалдары жарияланған.

0
0
288

Еще по теме