Перейти к содержимому

"Алып шықты! Қарындасым менің!" Қаршадай қызды құтқарған сәт көзге жас алдырды

Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-арнасы 7 жасар қызды жылу жүйесі құдығынан құтқару сәтінен видео жариялады.

Бүгін Қостанайда 2017 жылы туған қыз абайсызда жылу жүйесі құдығына құлап кеткен. ТЖД жедел құтқару жасағының қызметкерлері оқиға орнына шұғыл жетіпті. Оларға бейтаныс адам да көмектесті.

Құдықтың ішіндегі судың тереңдігі – 60-70 см.

Сол жерде қыздың әжесі мен ағасы да жүрген сияқты. Әжесі «тоңып қалды ғой» деп жанұшырып жүр.

Ал қызды құдықтан алып шығып жатқанда ағасының қалай қуанғанын көрсеңіз.

"Алып шығып жатыр! Алып шықты! Ура! Ура! Қарындасым менің!" дейді ол құдыққа төне түсіп.
Видеоны мына жерден көруге болады.

0
0
1644

Еще по теме

"Алып шықты! Қарындасым менің!" Қаршадай қызды... - Yvision.kz