«Алтынсарин – барлық дәуірдің ұстазы» (әдеби мозаика)
Ыбырай Алтынсарин – қазақтың ұлы ағартушысы, педагог және жазушы. Оның шығармалары жастарды білімге, еңбекке және адамгершілікке тәрбиелейді.Осыған орай 7-сынып оқушылары арасында «Алтынсарин – барлық дәуірдің ұстазы» атты әдеби мозаика өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, білімге деген қызығушылықтарын арттыру.Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды: «Кім жылдам?», «Өлеңді жалғастыр», «Мақалды жалғастыр», «Сөзден сөйлем құра», «Сөзді тап», «Артық сөзді тап». Тапсырмалар барысында оқушылар білімдерін көрсетіп, өлеңдерді мәнерлеп оқып, мақалдарды жалғастырып, сөздерден сөйлем құрастырды.Іс-шара өте қызықты әрі танымдық өтті. Оқушылар белсенді қатысып, ұлы ағартушының еңбектерінің маңызын тереңірек түсінді.


