Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АЛТЫН ОРДАДА ӨТКЕН ЖҮЗДЕСУ

ҚР Президенттігіне Халықтық коалициядан ұсынылған үміткер Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі Алматы облыстық қоғамдық штаб мүшесі Ұлтай Бархинова және Қарасай аудандық қоғамдық штаб мүшелері Қаныбек Айтжанов, Амина Абдраманова, Айгүл Құнанбаева, Айжан Балажанова және Жанна Жазықпаева «Алтын Орда» базарының ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасына сай еліміздің басым саясаты – «Қуатты өңірлер – қуатты ел» қағидасы болып қала беретінін жеткізді.

Сонымен қатар, Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасына сәйкес Әділетті Қазақстанда заң талаптарын сақтайтын кез келген шағын, орта және ірі бизнеске лайықты жағдай жасалады. Бизнестің бәсекеге қабілетін арттыруға кедергі келтіретін нәрсенің бәрі жойылады. Сондай-ақ, бағдарламада жастар саясаты да басты назарға алынған. Елімізде рухы азат, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ өсіп келе жатыр. Олар халқымыздың болашағы жарқын болуына өз үлесін қосуға ұмтылады. Ең бастысы, жас ұрпақ елдік істерге белсене қатысуға дайын. Қ.Тоқаев жастардың өсіп-өркендеуі үшін бәріне бірдей әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктер ұсынып отыр. Ол үшін жастар саясатын түбегейлі қайта қаралады. Жалпы, сайлауалды бағдарлама бақуатты Қазақстанға бастайтын жолдама болып тұр - деді Қаныбек Құлжабайұлы.

Жиын соңында Қасым-Жомарт Кемелұлының Әділетті Қазақстан құру бағытындағы барша реформалары қазақстандықтардың дәйекті дамуына үлкен серпін беріп, көңілдеріне сенім ұялатып отырғанын айтып, үміткердің кандидатурасын қолдауға шақырды. Кездесу соңында "Jastar ruhy" жастар қанатының белсенді жастары үгіт-насихат материалдарын таратты.

#Toqaev2022

0
0
131

Еще по теме

АЛТЫН ОРДАДА ӨТКЕН ЖҮЗДЕСУ - Yvision.kz