"АЛТЫН КҮЗ" МЕРЕКЕСІНДЕ ҮЗДІК АУЫЛДАР АНЫҚТАЛДЫ
Жиында қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Үсенбаев тынымсыз еңбек пен маңдай терді талап ететін салада еңбек етіп жүрген шаруақожалық иелері мен ауылшаруашылық саласының мамандарын құттықтады.
Үздік өнім алған шаруақожалықтар мен ауылдық окуг әкімдіктері, үздік ауыл шаруашылық мамандары облыс әкімінің грамотасымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
Сондай-ақ қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиев ауылшаруашылық саласындағы еңбеккерлерді мерекемен құттықтап, бірқатар азаматтарға алғыс хаттар табыс етті.
