«АЛТЫН КҮЗ – 2020» АРЫС ҚАЛАСЫ СҮТ ӨНДІРУДЕН ОЗАТ АТАНДЫ
⠀ 📌Әлемде және елімізде орын алған карантиндік шараларға қарамастан, Арыс қаласының екбеккерлері жыл басынан бері 12830,4 млн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірген ☑️. ⠀ ✔️ Оның ішінде 6195,7 млн тг, мал шаруашылығы бойынша - 6212,9 млн тг, балық шаруашылығы - 366,8 мың тг өнімі өндірілді. ⠀ 🎗 🎗 🎗Ала жаздай жер емген арыстық ағайынның еңбегі ескеріліп, облыста өткен «Алтын күз» салтанатты жиынында Арыс қаласы сүт өндіруден озат атанды. ⠀ 📣 Жалпы, Арыс қаласының барлық жер көлемі - 765 395 га. Барлық ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 460 643,0 га, оның ішінде: егістік жерлер-23838 га, оның суармалысы-13187,0 га, көп жылдық екпе ағаштар -341 га, тың жерлер – 30315,0 га, шабындық жерлер -225,0 га, жайылым – 548 337 га құрайды. ⠀ 📣 Биыл, Арыс қаласының ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы агроқұрылымдар саны – 1614-ке жетіп отыр. ⠀ Оның ішінде: 🔴 Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) – 332, 🔴 Өндірістік кооператив (ӨК) – 106, 🔴 Шаруа қожалық (ШҚ) – 1176. ⠀ Облыс әкімі Ө.Е.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, жылына бір алқаптан 2-3 өнім алу жобасы бойынша Арыс қаласынан 27 жоба ұсынылған. ⠀ Олар: Ақдала а/о 11 жоба, Дермене а/о 10 жоба, Жиделі а/о 4 жоба, Байырқұм а/о 3 жоба. ⠀ Аталған жобалар бойынша 1-ші және 2-ші өнім алу бойынша тапсырма жүйелі түрде орындалды 💯 💯 💯. ⠀ ✔️ Еңбегінің жемісін көріп отырған қаламыздың еңбек озаттарының ырысы артып, құт-мекеніміздің абыройы асқақтай берсін!
