Перейти к содержимому

Алтын Домбыра айтысы

5-6 желтоқсанда Астана төрінде осымен 3-ші рет Алтын домбыра қорытынды айтысы өтті. Бұл жолы айтысқа ең көп қатысушылар қатысты. 20 ақын өзара мықтыны анықтап, ортаға қазіргі өткір мәселені айқындап салды.

Халық жас айтыскерлерге қарағанда, өзін сахнада танытып үлгерген орақ тілді үлкен буын ақындарды тағатсыздана күткен болатын.

Алғашқы жұптардың бірі болып әйгілі Айнұр Тұрсынбаева мен айтқыш ақын Айбек Қалиев сөз жарыстырды. Айбек Айнұрдың телеарна жұлдызы болып айтыстан алыстап кеткенін аңғарса, жауап ретінде Айнұр ақын өзінің негізгі мамандығы журналист екенін айтып өтті. Өз кезегінде Айнұр Айбектің ақиқатты ащы айтатын ақын деп қоздырса, Қалиев ақын Тәуелсіздік мейрамының жаңа жылдың көлеңкесінде қалып қоятынын айтты. Екеуі де қазылардан ең  жоғары балл алып финалға өтті.

Бірінші күннің тағы бір өрнекті сөз құрып халықтың ықыласына бөленген Еркебұлан Қайназаров пен Жандарбек Бұлғақовтың айтысы еді. Жандарбек өз жолынан таймай өзінен үлкен айтыскерлермен айтысып шыңдалған ақын. Бұл жолы да өз қарсыласынан асып түспесе жеңілмегені анық көрінді. Еркебұланның да айтысы ерекше болды. Астанада қиналып жүрген жастар мәселесін қозғады. Пәтердерде жалға тұрып өз үйіне жете алмай армандаған азаматтарды айқындап айтты. Екі ақын да елдің назарында жүрген мәселерді әнге қосып жырлады. Бұл жұп та қазылырдан ең жоғары ұпай иемденіп ақтық сынға жолдама алды.

Кеше ғана Қырғызстанда өткен айтыста жүлдемен оралған Балғынбек бұл жолы да жеңіс үшін келгенін байқатты. Эстрадалық әндерге пародия жасаумен әйгілі болған жарасымды әзілмен халықты бір күлдіртті. Қарсыласы Мейірбек Сұлтанханмен бірге келісті айтыс жасады. Бұл жұпта жеңімпаз боп Балғын ақын шықты.

Екінші күні ақтық сынға шыққан ақындар бір-бірімен айтысқа түсті. Айбек Қалиев пен Алтын домбыраның алғашқы иегері Мұхтар Ниязов айтысты. Сөз өнері басталысымен Айбек ақын қазақ ұлтының көрмегені жоқ екенін айтып, қазіргі заманда бірліктің арқасында жеткен жетістіктерін жырлады. Содан кейін халықтың қошеметіне бөленген Айбек қоғамда елең алып бара жатқан қызтекелер жайын айтты. Алматыда Құрманғазы мен Пушкиннің суретін еске алып телеарналардың дұрыс бағдарламалар көрсетсін деп қадап айтты. Сөз соңында ол Қазақ хандығының тарихын да қазақтан шыққан батырларды шолып шықты.

Ақтық сында осы жыр доданың көркі болған Балғынбек Имаш пен Еркебұлан Қайназар сөз жарыстырды. Еркебұлан Балғынның “модный” және “платный” молда деп әзілдесе, Еркебұланның кредит төлеп отырғанын аңғарған Балғынбек қарызға да қызмет қыла берем деп жауап қатты. Ақындар әзілмен қатар еліміздің қазіргі жайын да сөз қылды. Әсіресе Еркебұлан пәтер мәселесін қайта қозғады.

“77 атамыз көрмей кеткен 88 қабатты Абу-Даби,
Елбасы да білгесін айтады ғой жастарым жүр дәл қазір жарым-жан үй,
Көк аспанға бастарын тіреп тұрып
Қазақтарға жетпейтін не қылған үй”,- деп жырлады.

Тәуелсіздік мейрамының жанайқайын жария қылды. Қазақтықтың шыңына шыға алмайсың, Азаттықтың алдында шырша тұрса деп жаңа жылға дайындық кесірінен тәуелсіздік мерекесі тасада қалатынын айтты.

Қазылар айтысты қорытындылап Бас жүлдені Балғынбекке ұсынды, 1-ші орын Жандарбек Бұлғақов, 2-ші орын Еркебұлан Қайназаровта болса 3-ші орынды Бекарыс Шойбеков пен Айнұр Тұрсынбаева еншіледі.

Бұл айтыс көпшіліктің көңілінен шықты, себебі айтыстан соң аудиожазбалар бірден ғаламтор беттерінде жария етілді. Айтыстың толық нұсқасын kazaitys.kz немесе youtube.com сайтындағы казайтыс порталы парақшасынан тыңдай аласыздар.

Қазақтың музыка өнерінде әлемдік деңгейге жеткен тұлғалар аз емес. Кезінде атақты әнші Әміре Қашаубаевтың сонау Париж төрінде ән салып, сондағы жұртты таңдай қақтырғанын әлі күнге дейін аңыз қылып айтамыз. Бүгінгі заманда да әлемдік сахналарда өнер көрсетіп, төл мәдениетімізді дүние жүзіне танытып жатқан өнерпаздарымыз баршылық. Бағдарламада солар туралы сөз қозғалады. Сонымен қатар, қазір ұлттық музыкамызды жаңа стильге, түрлі аспаптарға салып орындау үрдісі кеңінен қалыптасты.  "Sounds of the Great Steppe" бағдарламасы осы өнерді де насихаттауды мақсат тұтады.

http://kazakh-tv.kz/kz/programms/program/program_599_sounds-of-the-great-steppe

 

0
0
1603

Еще по теме

Алтын Домбыра айтысы - Yvision.kz