Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Алты жасар акробат бала рекорд орнатты

6 жасар бала Гаган Сатиш

Әлем рекордын жасы келіп, толысқан жандар ғана емес, кішкентай балалар да орната алады. Үндістанның Бангалор қаласында тұратын 6 жасар бала Гаган Сатиш ерекше өнерімен танылып, әлем рекордына қол жеткізіп отыр, деп жазады massaget.kz.

Лимбо-скейтинг деп аталатын ерекше спорт түрімен айналысатын бала бұл жетістікке жету үшін 3 жыл дайындалыпты. Ол қатар тұрған 39 автокөліктің астымен роликті коньки арқылы 29,8 секундта зулап өткен. Алдағы уақытта жас акробат 100 автокөліктің астынан бір уақытта өтуді жоспарлап отыр екен.

Лимбо-скейтинг — ең ерекше экстремалды спорт түрлерінің қатарына жатады. Яғни, басты мақсаты — роликті коньки арқылы автокөліктердің астынан зулап өту. Бұл спорт түрін ойлап тапқан да үнділік Чиндак Аникет есімді жасөспірім екен. Ол ресми емес рекорды бойынша қатар тұрған 57 автокөліктің астынан қиналмай өткен.

Бір қызығы, ерекше талантты баланың өнері жергілікті жүргізушілер мен жол полициясын мазалап отыр екен. Олар қызығушылығы үшін тәуекелге баратын баланың өміріне алаңдайтындықтарын жеткізген.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

 
0
0
272

Еще по теме

Алты жасар акробат бала рекорд орнатты - Yvision.kz