«Алмау – бермеу!» акциясы
«Адал жол - честный путь» жемқорлыққа қарсы марафонын жүзеге асыру бойынша іс-шарлар жоспарын іске асыру аясында тұрғындардың жемқорлыққ ақрсы көзқарасын қалыптастыру мақсатында Айнакөл ауылдық округінде жұмысбасты жастар, оқушылар, еңбек ұжымдары арасында ақпараттық парақшаларды тарату бойынша «Алмау-Бермеу!» атты акциясы болып өтті.
Акция барысында мемлекеттік және орыс тілдерінде 500 астам «Жемқорлық қол сұғушылықтан қалай қорғану керек?» ақпараттық парақшалары таратылды. Сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы парақшаларды тарату барысында тұрғындармен жемқорлық көріністерінің алдын алу қажеттігі, сондай-ақ, call-center 1494 сенім телефондарының қызметі жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.
